WELCOME TO Airguns KIEV

Манипуляция | Халық тарапынан шетел валютасына деген ажиотажды сұраныс байқалмайды

14 тамыз күні ҚР Ұлттық банк басшысының орынбасары Олег Смоляков үкіметке жасаған баяндамасында «біз жеке валюта саудасына күнделікті мониторинг жасап отырмыз, жағдай бірқалыпты, валюта жеткілікті және халық тарапынан шетел валютасына деген ажиотажды сұраныс байқалмайды» деген болатын. Шынында солай ма? Деректер не дейді?




Үкім: Манипуляция


Орынбасардың айтып отырғаны шындық, бірақ аудиторияға жеткізер ешқандай позитивті немесе ақпараттық (шынайы) ойы жоқ. Біз бұл тақырыпта фактчек жасап қойған болатынбыз. Ол кезде жалпы (халық тарапынан ғана емес) шетелдік валютаға деген сұраныс туралы Ұлттық банк басшысы Данияр Акишев айтқан еді.


Бұрынырақ жазып кеткеніміздей, шетелдік валютаға деген сұраныс үш негізгі фактор арқылы анықталады:


  • тауарлар мен қызметтер, өндіріс факторларының импортындағы қажеттіліктер;
  • инвестицияның шет елдердегі көрінісі;
  • қаражатты сақтаудағы шетел валютасының сенімділігі.


Дегенмен, белгілі бір заңдылық бар:


Киреев А.П. өзінің Халықаралық экономика атты оқу құралының II бөлімінде былай деп жазады: «Егер шетел валютасы қымбат болса және оның бір данасын алу үшін ұлттық валютаның көп мөлшері кететін болса басқа да тауарлар сияқты шетел валютасына деген сұраныс та төмен болады. Шетел валютасы арзандаған сайын оның бір данасы үшін берілетін ұлттық валюта да аз болады және резиденттер тарапынан шетел валютасына деген сұраныс артады. Басқаша айтқанда, шетел валютасының курсы артқан сайын оған деген сұраныс қысқарады, ал түскен кезде артады».


Смоляков шетел валютасына деген сұраныстың көп еместігін дұрыс айтты. Ажиотажды 2014 жылғы, 2009 жылғы девальвацияның алдында күткен болатынбыз, ал 2015 жылдың тамыз айында құбылмалы курсқа ауысардың алдында ақша айырбастау орындары доллар мен евроны сатуды біраз уақыт тоқтатып қойған. Құбылмалы валюта курсында девальвация да ревальвация сияқты аяқ астынан «секіріп кетпей», үнемі және автоматты түрде болып тұрады». Тәжірибе көрсеткендей, халық курс уақытша өзгерер алдында ажиотажға түседі.


Ал егер аса өзгеріс болмаса, қарапайым режимде (тауарға қатысты аналогияны қолдана отырып) азаматтар шетел валютасын қажет деп тапқан кезде сатып алады (және оған «байлықты сақтау құралы» немесе спекуляция құралы ретінде инвестиция құяды)


Долларлық контекст


Анықтама үшін: 2015 жылдың тамыз айында тұрақсыз курс енгізілгеннен кейін және одан кейінгі ұлттық валютаның долларға қатысты құнсызданғанына байланысты келесі жылдың мамыр айында халықтың орташа табысы өткен жылдың осы айымен салыстырғанда 9,5 %- ға төмендеп кетті, дегенмен номиналды көрінісі 9,9 %-ға 131,8 мың теңгеге өсті. Көріп отырғанымыздай, АҚШ пен Қазақстанның доллар нетто-саудасы өткен жылдармен салыстырғанда 2016 жылы әжептеуір түсті.



Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, жаздың демалыс айы екенін ескергеннің өзінде, маусымдық доллардың нетто-саудасы 2018 жылы шамамен 20%-ға төмен.



Курсқа қарай теңгеге қайта есептегенде 2017 жылдың маусым айының аяғында (1 АҚШ доллары 321,78 теңге) АҚШ долларының нетто-саудасы (321,78х316 млн) шамамен 101, 7 млрд теңге құрады, ал 2018 жылдың маусым айында 79,9 млрд теңге болды.



«Ажиотаж» болмауының қосымша себептері


Халықтың долларды аз сатып алуына 2016 жылы 1 қаңтарға дейін алынған долларлық ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыруға арналған мемлекеттік бағдарлама, сонымен қатар, ипотеканы доллармен беруге тыйым салу мен несиелендіру жүйесіндегі дедолларизация тенденциясы әсер етті.


2018 жылдың шілде айында 2017 жылдың шілдесімен салыстырғанда азық-түлік бағасы 4,4 %-ға өсті деп хабарлайды LS порталы статистика комитетіне сілтеме бере отырып. Қазақстандағы шынайы жалақы 2018 жылдың алғашқы жартыжылдығының қорытындысы бойынша 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,8 % -ға өсті деп хабарлайды LS.


Мында және мына жерден 2017 және 2018 жылдардағы тұрғындардың өмір сүру сапасына қатысты статистика комитеті жасаған әлеуметтік зерттеуді көре аласыздар. Үлкен айырмашылық байқалмайды, дегенмен:


2017 жылы: … кіріс дәрежесі бойынша респонденттердің 35,2 %-ы қалаған нәрселерін сатып ала алатындығын айтқан, 31,4% тұрғындар табыстары азық-түлік пен киімге жеткенімен ұзақ уақыт қолданатын тауарларды (теледидар, тоңазытқыш және басқалар) сатып ала алмайтындарын жеткізген, ал 3,8 % респонденттер азық-түлікке де қаржаттары жетпей қалады деп көрсеткен.


2018 жылы: … кіріс дәрежесі бойынша респонденттердің 25,8 %-ы қажет нәрселерінің бәрін сатып ала алатындықтарын айтқан, 36,5 % тұрғындар табыстары азық-түлік пен киімге жеткенімен, ұзақ уақыт пайдаланатын тауарларды (теледидар, тоңазытқыш және басқалар) сатып ала алмайтындарын, ал 1,7 % респонденттер азық-түлікке де табыстары жетпейтінін көрсеткен.


Статистика комитетінің ақпаратынша, 2018 жылдың шілде айында орташа жалақы мөлшері 158 618 теңгені құраған. Қазіргі бағаларға қарасақ, қазақстандықтардың негізгі табысы тұтынушылық қажеттіліктерге жұмсалады. Мұндай жағдайда жиналған қаражатты валютамен сақтаған қаншалықты дұрыс және шетелге демалысқа бару қаншалықты дұрыс деген жауапты қажет етпейтін сұрақтар (аталған сауалнамаға сәйкес, 2018 жылы 78,8% респонденттер жыл сайынғы демалыстарын үйден басқа жерде өткізе алмайтындықтарын айтқан).


Источник: “https://factcheck.kz/kaz/glavnoe/manipuliacia-xalyk-tarapynan-shetel-valyutasyna-degen-azhiotazhdy-suranys-bajkalmajdy/”

Нажмите Enter для поиска или ESC для закрытия