WELCOME TO Airguns KIEV

Біздер Маңғыстау облысының 2011 жылдан бері әділдікке жете алмай тұрган бір топ мұнайшыларымыз!

Біздер Маңғыстау облысының 2011 жылдан бері әділдікке жете алмай тұрган бір топ мұнайшыларымыз!

Заң жүзінде көрсетілген, үкімет қаулысымен бекітілген 1-қаңтар 2009 жылдан бастап күшіне енген төленуі тиіс 1.8, 1.7 коэффициент төленбей келе жатқанын, 2010-жылдары білдік. Заң жүзінде төленуі тиіс еңбек ақымызды төленуін талап еткен болатынбыз. Компания басшылары бізді заңсыз жұмыстан шығарған болатын. 2009-2011 жылдары біздің ең жоғарғы айлық сыйақысымен 150 мың теңге. Себебі сол жылдары премьер министрі болған Карим Масимов теледидардан двойной бухгалтерия жүрген деп мойындаған болатын. Сол жылдары Қазмұнайгаз басшысы Қайыргелді Қабылдин теледидардан біздің жалақымызды 250 мың теңгеден бастап 450 мың теңгеге дейін разряд бойынша жалақы алады. Қазақстанда ең жоғарғы жалақы осы мұнайшыларда деп ақпар берген болатын. Сол жылдары жұмыспен қамту министрі Гүлшара Абдіқалықова мұнайшылар 450 мың теңге алып отыр, бұлар екі есе 900 мың теңгеге дейін котеруін сұрап отыр деп бүткүл Қазақстан халқына теледидардан өтірік 15барат берді. Мына үкімет айтқандай, жалақымыз 450 мың теңге болса , қайда? Ең жоғарғы айлық 150 мың теңге. Түсінікті болу үшін есептеп көрсетейік. 3-ай сайын, сыйақы 450 мың теңге делік, осы сыйақыны үш айға 150 мың теңгеден бөліп беріп отырған. Әр мұнайшының әр айда ақ адал заңды маңдай тері, 450 мың теңгесін ЖОҒАРЫДА отырған КОРРУПЦИЯНЕР үкімет қалтасына басып отырған. Міне КОРРУПЦИЯ деген қайда жатыр. Елбасы Жаңаөзен қанды оқиғасынан кейін, мұнайшылардың талаптары толығымен орынды, ЖҰМЫС берушінің салдарынан кеткен қате деген болатын. Елбасы тапсырмасынан кейін БАРМАҒАН жеріміз БАСПАҒАН тауымыз қалмады. Ешқандай үкімет елбасы тапсырмасын орындамағанына міне 7-жылда болды. Демек елбасы мұнайшылардың талабы толығымен орынды деп, ӨЗІ АЙТЫП ӨЗІ орындата алмай отыр. Бұл елбасы өзі КОРРУПЦИЯНЫ қолдап отырғанын көрсетеді. 7-жылдан кейінде, теледидардан Елбасы шығып мен білмедім, мені алдады деседе таң қалмаймыз. Осы уақытқа дейін елбасы не айтпады. Әділдік түбіне жетеміз деп 7-жыл бойы тұрған санаулы ҚаражанбасМұнай мұнайшылар тізімі.

1. Бекбаулиев Асқар ( Зейнеткер)
2. Изтұрганов Нурболат (Зейнеткер)
3. Иманкулов Балгын ( жуйкеси жукарып инсульт алып уйинде)
4. Сазанбаев Бауыржан ( Еңбек дауында қайтыс болды)
5. Отепов Мурат
6. Сатканкулов Амангельды
7. Суйимбаев Мереке
8. Шинжирбаев Есбол
9. Алдабаев Жетписбай
10. Даутов Марат
11. Джумалиев Косай
12. Днибаев Равиль
13. Ескалиев Турар
14. Жаңабай Серик
15. Ибрашев Елемес
16. Корганбаев Бакыт
17. Кулшаров Талгат
18. Кызылкулов Кайрат
19. Нуртореев Куванбай
20. Сауирбаев Нуралы»


Нажмите Enter для поиска или ESC для закрытия